Қарағандыда Freedom BFL қысқы маусымы басталды
159 команда, 3000-ға жуық жас футболшы және әр демалыста 70-тен астам матч: облыста 2025–2026 жылғы ең ірі балалар-жасөспірімдер футбол маусымы басталды.

Қарағанды облысында Freedom Balalar Futbol Ligasy (Freedom BFL) жаңа қысқы маусымының шымылдығы түрілді. 2025 жылы ресми түрде облыстық біріншілік мәртебесін алған жоба аймақтағы ең ауқымды балалар-жасөспірімдер футбол платформасына айналып отыр. Маусымның ашылуы Карбышева көшесі 7/5 мекенжайындағы «Аманат» спорт кешенінде өтті және ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) және Қазақстан әуесқой футбол лигасының (ҚӘФЛ) өңірлік филиалы арасында үшжақты меморандумға қол қойылғаннан кейінгі алғашқы ресми іс-шара болды.
Маусымның алғашқы ойыны «Шахтёр U-10» мен «Скаут U-10» командалары арасында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.


QOFA бас хатшысы Талғат Қаржаубаев Freedom BFL-дің ресми біріншілікке айналуы өңірдегі балалар футболының жүйелі дамуына серпін бергенін атап өтті.

«Лига бұған дейін де жұмыс істеп келді, бірақ енді, меморандумға қол қойылғаннан кейін, Freedom BFL ресми өңірлік біріншілік мәртебесіне ие болды. Бұл — ұйымдастырушылық, спорттық және инфрақұрылымдық тұрғыдан жаңа сапалы қадам. Баршаңызды маусымның басталуымен құттықтаймын, қатысушыларға сәттілік тілеймін»
Талғат Қаржаубаев, QOFA бас хатшысы
Оның айтуынша, енді барлық матч нәтижелері ресми базаларға енгізіледі, жас футболшылар разряд алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ электронды хаттама, бірыңғай цифрлық қосымша іске қосылды, онда ата-аналар мен бапкерлерге ойын кестесі, нәтижелер мен статистика қолжетімді.

2025–2026 маусымында Freedom BFL құрамында 159 команда және шамамен 3000 жас футболшы бар. Сонымен қатар Сарань қаласына жеке дивизион бөлінген. Ойындар төрт алаңда өтеді: «Аманат» спорт кешені, Карбышев көшесі, 7/5 (7×7 форматы), Amanat Arena, Ермеков көшесі, 49/3 (6×6 форматы), Nomad Arena, 134-ші есептік квартал, 3/5 (5×5 форматы), Сарань қаласы, Макаренко көшесі 1-ші ғимарат (6×6 форматы).
Әр демалыс күндері 76 ойын өткізу жоспарланған — бұл өңір үшін рекорд.

«Шахтёр» футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий маусымның басталуына қатысып, балалар футболындағы тұрақты ойын тәжірибесінің маңызын атап өтті.

«Балалар жасында тұрақты матч ойнау — өте үлкен артықшылық. Бала жауапкершілікті, тактиканы, қысым жағдайында ойнауды үйренеді. Осындай жарыстар көп болған сайын, өңірдегі футбол деңгейі де тез өседі»
Игорь Шацкий, Қазақстан ұлттық құрамасының және «Шахтёр» футбол клубының қақпашысы
Меморандум аясында жобаға бірқатар маңызды жаңалықтар енгізілді: нәтижелер, статистика және кесте көрсетілетін бірыңғай мобильді қосымша, барлық матчтың видеотүсірілімі және YouTube арқылы тікелей трансляциялар, QOFA және әріптестердің әлеуметтік желілерінде фото-видео есептер мен жаңалықтар, жабдық, доптар, төрешілік формасы және мамандар бойынша бірыңғай стандарт.

Бұл қадамдар лиганың жеке коммерциялық форматтан ресми облыстық біріншілік деңгейіне толықтай өтуін қамтамасыз етті.
Басқа жаңалықтар
Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы
Қазақстандағы жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған Freedom QJ League аясында арнайы семинар өтті.

Елордада QJ League жаңа маусымының шымылдығы ашылды
Астанада Freedom QJ League-тің жаңа маусымына арналған ресми ашылу рәсімі өтті.

«Шахтёр» жаңа кезеңге қадам басты
Қарағандыда “Шахтёр” футбол клубының биылғы маусымына арналған ресми таныстырылымы өтті.

Тимур Турлов «Парасат» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады
