Қарағандыда «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы қызу жүріп жатыр
Серік Сәпиев болашақ спорт кластерінің құрылыс алаңында болып, жоба аймақ футболын дамытудағы маңызды бастама екенін атап өтті

Қарағанды облысында заманауи «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы белсенді түрде жүргізілуде. Жаңа спорт кешені өңірде салынатын ірі спорт кластерінің бір бөлігіне айналып, балалар мен жасөспірімдер футболын және кәсіби деңгейдегі спортшыларды даярлауға толық жағдай жасайды.

Жобаның жалпы аумағы шамамен 10 гектарды қамтиды. Мұнда UEFA талаптарына сай 4-ші санаттағы 3500 орындық стадион, жыл бойы жаттығуға арналған жабық манеж, толық өлшемді жаттығу алаңы және екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық ғимарат бой көтереді.

Кешен ішінде медициналық бөлмелер, асхана, бассейн, сауна және жатақхана қарастырылған. Барлық нысандар жылы өткелдер арқылы байланыстырылып, айналасына воркаут аймағы, жаттығу құрылғылары, саябақ және автотұрақтар салынбақ.

Құрылыс барысын Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзі барып көрді. Ол жобаның өңір спорты үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, инвесторға спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

««Шахтёр» футбол академиясының құрылысы қарқынды жүріп жатқаны қуантады. Спортты дамытуға қолдау көрсетіп, бастама көтерген Freedom Holding Corp. компаниясына алғыс білдіреміз. Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) президенті ретінде Тимур Турлов өңір спортына айрықша үлес қосып, жаңа жобаларды жүзеге асырып, инфрақұрылымды дамытып келеді. Академия өзіміздің жас футболшыларды тәрбиелеудің негізгі орталығына және бұқаралық спорттың тірегіне айналады»
Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Мердігер компанияның мәліметінше, құрылыс жұмыстары кестеге сай және кідіріссіз жүргізілуде. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалар мен тіреу бағандары тұрғызылуда.

«Қазіргі уақытта әкімшілік ғимараттың іргетасы толық құйылды, енді қабырғалар мен бағандарды көтерудеміз. Келесі кезеңде жабын плиталары орнатылады. Трибуна астындағы бөлік үшін ор шұңқырлар әзірленіп, бетон негіздері құйылды. Жаттығу алаңының астына су ағызу жүйесін салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс кестесінен кешігіп жатқан жоқпыз, керісінше, жоспардан ерте орындап келеміз. Қыс мезгілінде бетон мен монолитті жұмыстар жалғасады – ол үшін жылыту жабдығы мен дизель генераторы дайын»
Тахир Ходжамбердиев, учаске бастығы
Футбол академиясының құрылысы Freedom Holding Corp. компаниясының қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Негізгі жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. «Шахтёр» академиясы болашақ кәсіби спортшыларды даярлауға арналған база ғана емес, сондай-ақ Қарағанды облысында спорт инфрақұрылымының жаңа деңгейін қалыптастыратын бұқаралық футбол орталығы болмақ.

Басқа жаңалықтар
Қарағандыда Freedom BFL қысқы маусымы басталды
159 команда, 3000-ға жуық жас футболшы және әр демалыста 70-тен астам матч: облыста 2025–2026 жылғы ең ірі балалар-жасөспірімдер футбол маусымы басталды.

Freedom BFL: Қарағанды облысындағы балалар футболын дамытудың жаңа кезеңі
Балалар мен жасөспірімдерге арналған Freedom BFL футбол лигасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды

Қарағандыда «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы қызу жүріп жатыр
Серік Сәпиев болашақ спорт кластерінің құрылыс алаңында болып, жоба аймақ футболын дамытудағы маңызды бастама екенін атап өтті

Республика күнімен, Қазақстан!
Бүгін еліміз үшін айрықша мереке — Республика күні!
