Қарағанды облысының футзалдан ашық біріншілігі: турнир кестесі мен ойын нәтижелері
2024/25 маусымындағы Қарағанды облысының КФК арасындағы футзалдан ашық біріншілікте Жоғары лига мен Бірінші лигада қызу тартыс жалғасуда.

Жоғары лига
2025 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша турнир кестесін «AVTOKING» (Қарағанды, 27 ұпай) бастап тұр. Екінші орында – «Интеграция-МТС» (25 ұпай), ал үздік үштікті «FERAZH» (19 ұпай) түйіндеп тұр.
23–24 тамызда өткен кездесулер нәтижелері:
МФК «Тулпар-1» – «Интеграция-МТС» – 2:11
«FERAZH» – «AVTOKING» – 4:12
«ALLSTARS» – «Қызыл-Жар» – 6:6
«Локомотив-КАЗПРОФТРАНС» – «FERAZH» – 8:3 (12-тур матчы)

Бірінші лига
1–8 орындар тобы: көш басында – Нұра ауданының «NURA» командасы (28 ұпай). Жақын қуғыншылар – «OUTSIDERS» және «GENESIS» (екеуінде де 25 ұпайдан).
9–16 орындар тобы: әзірге «Новодолинка» (17 ұпай) мен МФК «FREEWAY» (15 ұпай) үздік көрсеткішке ие.
17–18 орындар тобы: шағын басымдық «Қарабас» командасында (7 ұпай).
Ойын нәтижелері:
СМ «12 ай» – МФК «FREEWAY» – 8:11
«KKZ» – «GENESIS» – 4:3
«ФК ОНП» – «Авангард» – 6:10
«КЛМЗ United» – «Ногу свело» – 4:7
«Пришахтинск» – «ISMAIL DOORS» – 2:14
«Новодолинка» – «KROSSFIN» – 3:3
«NURA» – «OUTSIDERS» – 6:1
«AR-NAMIS» – МФК «Тулпар-2» – 8:11
Қазіргі таңда ең үздік бомбардир — Станислав Васильев (МФК «FREEWAY»), оның еншісінде 24 гол бар.
Басқа жаңалықтар
15 наурызда республикалық референдум бойынша дауыс беру өтеді
Қазақстан Республикасы азаматтары жалпыұлттық дауыс беруге қатысады

Қарағандыда Арлан Туркеновты қолдауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Қала тұрғындары емге қаражат жинауға белсене атсалысты

QOFA Виктор Иванович Бобровтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады
Ар-намысы биік, өмірін қарағандылық футболға арнаған тұлға

«Шахтёр» ФК ойыншылары балалар футболының болашағы туралы
Клуб ойыншылары ерте даярлық пен жарыс тәжірибесінің жас футболшылар үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті
