Tauelsizdik Cup 2025 — үлкен футболға жасалған алғашқы қадам
Қазақстанның әр өңірінен келген жас футболшылар Қарағанды алаңында бас қосты

Қарағанды қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін балалар арасындағы Tauelsizdik Cup 2025 футбол турнирі ұйымдастырылды. Бұл жарыс еліміздің әртүрлі өңірінен келген жас футболшыларды біріктіріп, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жолындағы маңызды алаңға айналды. Бұл жарыс балаларға ойындарын көрсетіп, нағыз футболдың қандай болатынын сезінуге жол ашты.

Жарыстың ұйымдастырушысы — «Аманат» спорт кешені. Турнир Қазақстан әуесқой футбол лигасының және Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылардың үйлесімді жұмысы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне, қатысушылар мен көрермендер үшін қолайлы жағдайдың жасалуына мүмкіндік берді.

Биылғы турнир 2015 және 2016 жылы туған балалар арасында екі жас санатында өтті. Жарысқа Қарағанды, Астана, Шымкент, Павлодар қалалары мен Ұлытау облысынан келген 20 команда қатысты. Матчтар 7×7 форматында ұйымдастырылып, ойынның жоғары қарқыны мен әсерлі сәттерге толы өтуін қамтамасыз етті.

«Біз Астанадан Қарағандыға келіп, республикалық турнирде бірінші орын алдық. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақытта да шақырып жатса, қуана-қуана келеміз. Әсеріміз өте керемет — бұл жеңіс біз үшін үлкен қуаныш!»
Сартай Рүстем, 2015 жылы туғандар арасындағы жас санатында Tauelsizdik Cup турнирінің үздік бомбардирі
Жарыс алғашқы матчтардан-ақ жоғары қарқынмен өтті. Қызу тартыс, белсенді прессинг, әдемі голдар мен жас футболшылардың шынайы эмоциялары Tauelsizdik Cup жарысының ажырамас бөлігіне айналды. Көптеген балалар үшін бұл алғашқы үлкен турнир болды. Әр жеңіс қуантса, әр жеңіліс үлкен сабақ болды.

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Матчтарды тәжірибелі төрешілер басқарды, ойындар тікелей эфирде көрсетілді. Әр матч бойынша фотоесеп жүргізіліп, жанкүйерлер ойын барысын онлайн бақылап отырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер командалар мен жеке номинация иегерлері анықталды.

Турнир қорытындылары: 2015 жылғы ойыншылар арасындағы жас санаты
I орын — «Фабрика футбола» (Астана)
II орын — «Scaut» (Қарағанды)
III орын — «Dostar Academy» (Шымкент)
Жеке номинациялар:
Үздік қақпашы — Батыр Махмет («Фабрика футбола»)
Үздік қорғаушы — Ерлан Нұрғали («Dostar Academy»)
Үздік бомбардир — Рүстем Сартай («Фабрика футбола»)
Үздік ойыншы — Ермұхаммед Аманғали («Scaut»)

2016 жылғы ойыншылар арасындағы жас санаты:
I орын — «Maykuduk Jas Batyr» (Қарағанды)
II орын — «United Kids» (Қарағанды)
III орын — «Scaut» (Қарағанды)
Жеке номинациялар:
Үздік қақпашы — Абунасыр Орысбай («Scaut»)
Үздік қорғаушылар — Амир Нұрғазы («Scaut»), Нұралы Әскербай («Maykuduk Jas Batyr»)
Үздік бомбардир — Алан Мостовщиков («Maykuduk Jas Batyr»)
Үздік ойыншы — Давид Артамонов («United Kids»)

Tauelsizdik Cup турнирі мықты командалар мен дарынды ойыншыларды анықтап қана қоймай, балалардың футболға деген сүйіспеншілігін арттырып, адал бәсеке мен командалық рухты қалыптастыратын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жанкүйерлердің қолдауы, ата-аналардың ықыласы мен ойын қуанышы бұл турнирді барлық қатысушылар үшін есте қаларлық жарқын оқиғаға айналдырды.
Басқа жаңалықтар
Футзалдан ашық Freedom-біріншілігінің 13-ші туры: бәсеке қыза түсті
Көшбасшы сенімді қадаммен алға шықты, ал орындар үшін күрес бұрынғыдан да шиеленісе түсті

12 тур артта қалды – үздік үштік арасындағы тартыс күшейді
Мәреге жақындаған сайын әр турдың салмағы арта түсуде

Турнир кестесі айқындала түсті
Футзалдан ашық Freedom-біріншілігінің 11-туры: көшбасшылар алшақтай бастады

Интрига сақталуда: футзалдан ашық Freedom-біріншілігінің 10-шы туры қалай өтті
Жоғары және Бірінші лигалар жанкүйерлерді тартысты әрі нәтижелі ойындармен қуантуды жалғастыруда
