ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы

Freedom QJ League All Star: Қазақстан құрамасы «Боруссия» Мёнхенгладбах командасын жеңді

Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» стадионында өткен дәстүрлі Freedom QJ League All Star матчында QJ League жұлдыздар құрамасы Германияның «Боруссия» (Мёнхенгладбах) U-17 командасымен кездесті.

Freedom QJ League All Star: Қазақстан құрамасы «Боруссия» Мёнхенгладбах  командасын жеңді

Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталып, қазақстандық жас футболшылар 6:5 есебімен жеңіске жетті. QJ League All Star құрамасына Қарағандылық «Шахтер» клубының алты түлегі шақырту алып құрама сапында өнер көрсетті.

DSC06400

Матчты стадионнан 3055 жанкүйер тамашалады. Айта кетейік, «Боруссия» (Мёнхенгладбах) U-17 командасы – 2024/25 жылғы Германия чемпионы. Клуб академиясы Юпп Хайнкес, Марк-Андре тер Штеген, Штефан Эффенберг, Себастьян Дайслер секілді әлемге танымал футболшыларды тәрбиелеп шығарған.

DSC06398

Іс-шара аясында QJ League мен «Боруссия» (Мёнхенгладбах) клубы өзара ынтымақтастық бағдарламасын бекітті. Бағдарлама тәжірибе алмасуды, жолдастық турнирлер өткізуді, скаутинг бағытындағы бірлескен жобаларды, сондай-ақ лига ойыншылары мен жаттықтырушыларының Германияда тағылымдамадан өту мүмкіндігін қамтиды.

Hf 20260713 113701 1846Df9d 1Dc9 4Ec7 A3a6 4C2b051cb319

Сонымен қатар, КОФА делегациясы Алматыға арнайы келіп, матчты тамашалап, қазақстандық жас футболшыларға қолдау білдірді. Іс-шара барысында бірқатар құрметті қонақтарға және «Боруссия» М командасының өкілдеріне ҚОФА-ның фирмалық мерчі естелік ретінде табысталды. Естелік сыйлықтар QJ League президенті Рохус Шохқа, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Маннға, кәсіпқой бокс жұлдызы  Ангелина Лукасқа, сондай-ақ, футбол әлемінің жарық жұлдыздары Уве Кампс, Кристиан Циге және Евгений Яровенкоға сыйға берілді.

IMG 0399

Әлбетте, бұл кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, қазақстандық жас футболшылардың әлеуетін танытуға және отандық футболдың дамуына серпін берген маңызды спорттық оқиға болды.

Hf 20260713 133826 Cbdcd587 Ebe5 4Fcc B447 8Fd03eaaccec
IMG 0187 (1) (1)

Басқа жаңалықтар