Қарағандыда футзалдан Freedom-біріншілігінің қысқы маусымы басталды
Бірінші турдың қорытындысы: фавориттердің сенімді жеңістері мен голға толы кездесулер

1–2 қараша күндері Қарағандыдағы «Тұлпар» спорт кешенінде 2025–2026 маусымына арналған кәсіпорындар, ұйымдар, оқу орындары, коммерциялық құрылымдар мен спорт клубтары арасындағы ашық Freedom-біріншілігінің алғашқы тур ойындары өтті.
Маусым әсерлі басталды — жанкүйерлер жоғары нәтижелі ойындар мен командалардың сенімді жеңістерін тамашалады.

Жоғары лигада ең ірі жеңістердің бірі «STU ADS (ПОЛИТЕХ)» командасына тиесілі – олар МФК «Горняк» командасын 12:1 есебімен ойсырата ұтты. «Локомотив-КАЗПРОФТРАНС» та мықтылығын көрсетіп, «СДЮШОР-Ветераны» командасын 8:3 есебімен жеңді. «AVTOKING» командасы да сенімді бастау жасап, «Wooppay» командасын 5:1 есебімен ұтты.
Ал «КАРАГАНДИНЕЦ» – МФК «Тулпар-1» кездесуі 8 қарашаға ауыстырылды, өйткені МФК «Тулпар» командасы 20 қазан мен 1 қараша аралығында Алматы қаласында өткен U-19 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының бірінші турында өнер көрсетті.
Турдың үздік сұрмергені: Нұрсұлтан Ғаниев («Локомотив-КАЗПРОФТРАНС») — 4 гол.

Бірінші лигада да тартысты және нәтижелі ойындар өтті: «Новодолинка» (Шахтинск) командасы «STU ADS-2»-ні 14:4 есебімен ойсырата жеңді, ал «Silk Road Electronics» (Сарань) командасы MFC «NOMAD»-ты 13:6 есебімен ұтты.
Турдың үздік бомбардирлері: Андрей Пинчин («Новодолинка») және Ислам Калмакан (MFC «NOMAD») — 5 голдан.

Басқа жаңалықтар
Freedom BFL: Қарағандыда балалар футболын нөлден қалай құрды
Бірнеше жыл ішінде BFL шағын балалар турнирінен аймақтағы ең үлкен футбол лигаларының біріне айналды. Жобаны нөлден бастап құрған және бүгінде Қарағандыда балалар футболының толыққанды жүйесін дамытып жатқан адамдардың сұхбаттары.

Саранда жас футболшылар арасындағы «Достық – 2026» турнирі мәресіне жетті.
Саран қаласының «Сұңқар» стадионында Қарағанды, Саран және Теміртау қалаларынан келген алты команда өзара бақ сынасты.

Қарағандыда FREEDOM FUTSAL BFL AWARDS қорытынды марапаттау кеші өтті
Шара барысында маусым бойы жоғары нәтиже көрсеткен командалар, үздік ойыншылар мен арнайы номинация иегерлері марапатталды.

Қарағанды облысы кубогы 2026: «Дорожник» пенальти сериясында жеңіске жетіп, чемпион атанды
Биылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысып, Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларының ұжымдары өзара мықтыны анықтады.
