Тимур Турлов «Парасат» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады

Солардың қатарында Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов бар.Тимур Турлов – қаржы және инвестиция саласындағы белді кәсіпкер, сондай-ақ қоғамдық және спорттық жобаларды қолдаушы ретінде танымал. Ол Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) президенті, Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан шахмат федерациясының президенті және «Шахтер» футбол клубының иесі.
Марапат экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқаруды дамытуға, құқық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді. Тимур Турловтың бастамалары инвестициялық жобаларды дамытуға, жастар мен спортшыларды қолдауға, сондай-ақ интеллектуалды спорт түрлері мен футболды ілгерілетуге бағытталған. Оның қолдауымен елімізде халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіліп, спортшылар жүздеген медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Қарағанды өңірінде заманауи футбол академиясы, 3500 орындық стадион және басқа да спорт инфрақұрылымдары салынуда.

Айта кетейік, осы шарада Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талгат Алдыбергенов және мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов та «Парасат» орденімен марапатталды.
Басқа жаңалықтар
Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.

Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы
Қазақстандағы жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған Freedom QJ League аясында арнайы семинар өтті.

Елордада QJ League жаңа маусымының шымылдығы ашылды
Астанада Freedom QJ League-тің жаңа маусымына арналған ресми ашылу рәсімі өтті.

«Шахтёр» жаңа кезеңге қадам басты
Қарағандыда “Шахтёр” футбол клубының биылғы маусымына арналған ресми таныстырылымы өтті.