Тимур Турлов «Парасат» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады

Солардың қатарында Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов бар.Тимур Турлов – қаржы және инвестиция саласындағы белді кәсіпкер, сондай-ақ қоғамдық және спорттық жобаларды қолдаушы ретінде танымал. Ол Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) президенті, Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан шахмат федерациясының президенті және «Шахтер» футбол клубының иесі.
Марапат экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқаруды дамытуға, құқық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді. Тимур Турловтың бастамалары инвестициялық жобаларды дамытуға, жастар мен спортшыларды қолдауға, сондай-ақ интеллектуалды спорт түрлері мен футболды ілгерілетуге бағытталған. Оның қолдауымен елімізде халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіліп, спортшылар жүздеген медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Қарағанды өңірінде заманауи футбол академиясы, 3500 орындық стадион және басқа да спорт инфрақұрылымдары салынуда.

Айта кетейік, осы шарада Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талгат Алдыбергенов және мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов та «Парасат» орденімен марапатталды.
Басқа жаңалықтар
QOFA мен QJ League жобасы халықаралық MVP Awards сыйлығында жоғары бағаланды
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) мен Freedom QJ League бірлесіп өткізген әлеуметтік жоба халықаралық MVP Awards спорт сыйлығында жүлделі орынды иеленді.

«Адамға үйретуге болмайтын жалғыз нәрсе – ниет пен құлшыныс»
QJ League мен «Шахтер» футбол клубының медиа және маркетинг бөлімінің жетекшісі Антон Лысяк Қазақстанның спорт индустриясын өзгертетін жаңа буын мамандар туралы ой бөлісті.

QOFA ұжымы Наурыз мерекесін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов Ассоциация мүшелерінің мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.
