ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Ассоциациясы

Қарағандыда Владимир Сушков пен Виктор Черненко құрметіне арналған турнир мәресіне жетті

Өңірдің сегіз командасы белгілі бапкер мен ұлағатты ұстаздың рухына құрмет көрсету үшін алаңға шықты.

Қарағандыда Владимир Сушков пен Виктор Черненко құрметіне арналған турнир мәресіне жетті

Қарағандыда 2015–2016 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен ашық қалалық футбол турнирі аяқталды. Бұл жарыс Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Сушков пен Қазақ КСР-нің халық ағарту ісінің үздігі Виктор Черненконың жарқын есіміне арналды.

DSC03644

Жарыс Пришахтинскідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында өтті. Турнирге облыстың сегіз командасы қатысты. Іс-шараны Қарағанды облыстық футбол асоциациясы мен Қарағанды қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Турнирді ұйымдастыруға себепкер болғандардың бірі – Виктор Черненконың ұлы Кирилл  Черненко болды.

DSC03673

Басты мақсат – өңір футболының дамуына және келешек ұрпақты тәрбиелеу ісіне елеулі үлес қосқан тұлғалардың есімін ұлықтау.

DSC03704

«Бұл намысты дода шыны керек, біз күткен деңгейден асып түсті. Нақтырақ айтсақ, нәтижелер біз ойлағаннан мүлде басқаша болды. Жалпы алғанда, барлық ойындар сондай бір қызу өтті – ішкі жан дүнием қуанып, ойындарды қарап бір марқайып қалдық»

Пётр Асылбаев, турнир ұйымдастырушысы

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жас футболшылар нағыз спорттық мінез көрсетті. Әр ойында командалар соңғы ысқырыққа дейін бар күшін салды.

DSC03722

«Бүгін ауа райы сәл көңілден шықпады деуге болады. Бірақ, матч кез келген ауа райында өтеді – балалар да осы жастан бастап кез келген жағдайда ойнауды үйренуі керек, өйткені бұл — футбол және ол бәрінен жоғары.Тәртіп жағына келсек, ешқандай ескерту болған жоқ. Жігіттер жанын салып ойнады, барынша тырысты»

Сергей Валенов, турнирдің бас төрешісі

Турнир қорытындысы:

1.    ФЦВА

2.    Майқұдық

3.    Шахтёр-1

4.    Абай

5.    Шахтинск

6.    Шахтёр-2

7.    Теміртау

8.    Пришахтинск

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар әр командада үздік ойыншы анықталып, жеке номинацияға ие болды.

DSC03726

«Біз турнир барысында бес ойын өткіздік, әрқайсысы өз алдына қиын болды. Ең шешуші кездесу — “Шахтёр” командасымен өткен финал. Екі команда да тең ойнады, бәрі пенальти сериясында шешілді. Ал пенальти – нағыз лотерея. Лотореяны біз жеңдік»

Вячеслав Грачёв, ФЦВА командасының бас бапкері

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Алдағы уақытта бұл жарыс дәстүрге айналып, жыл сайын Қарағанды облысының жас футболшыларын біріктіріп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын болады.

Басқа жаңалықтар