Теміртауда Қарағанды облысының Кубогы басталды
Бұл турнир өңірдегі үлкен футбол маусымының шымылдығын ашып, плей-офф форматында өтуде. Кубоктың шешуші кезеңдері YouTube платформасында жарияланып отырады.

2026 жылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысуда: Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларынан жиналған ұжымдар бақ сынайды. Жарыс жеңілген команда турнирден шығып қалатын плей-офф жүйесі бойынша өтеді. Қатысушылар санына байланысты жеребе өткізілді. Қорытындысы бойынша «Шахан» ФК мен «Бұқар жырау» командасы 1/8 финалда ойнамай, бірден ширек финалда өзара кездесетін болды.
Алғашқы ойын күні тартысты өтті: «Qarmet» командасы «ЖасАқ» ұжымын 11:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Осакаровка» «Жауыртау» командасынан 2:4 есебімен ұтылды. «Ақбел» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түскен «Абай» ФК-ны пенальти сериясында жеңіп шықты.

Турнирдің барлық матчтары «Металлург» стадионында өтуде. Жартылай финал мен финалдық ойындар үш камерамен түсіріліп, кейін YouTube платформасында жарияланады. Кубок Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) және Freedom компаниясының қолдауымен өтуде.

Ойын кестесі:
-
26 сәуір — 1/8 финалдың жалғасы
-
2–3 мамыр — ширек финал
-
6–7 мамыр — жартылай финал
-
10 мамыр — финал
Басқа жаңалықтар
Саранда жас футболшылар арасындағы «Достық – 2026» турнирі мәресіне жетті.
Саран қаласының «Сұңқар» стадионында Қарағанды, Саран және Теміртау қалаларынан келген алты команда өзара бақ сынасты.

Қарағандыда FREEDOM FUTSAL BFL AWARDS қорытынды марапаттау кеші өтті
Шара барысында маусым бойы жоғары нәтиже көрсеткен командалар, үздік ойыншылар мен арнайы номинация иегерлері марапатталды.

Қарағанды облысы кубогы 2026: «Дорожник» пенальти сериясында жеңіске жетіп, чемпион атанды
Биылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысып, Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларының ұжымдары өзара мықтыны анықтады.

О.В. Миляевты еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды
Саранда өткен республикалық турнирге 2013 жылы туған жасөспірімдерден құралған 12 команда қатысты.
