Үштөбеде ALGA! жобасының алғашқы футбол сабағы өтті
Үштөбе ауылында ALGA! мектептік футбол жобасы ресми бастау алды. Опорлық мектептің базасында бастауыш сынып оқушылары үшін алғашқы сабақ ұйымдастырылды.

Балалар жаңа жаттығуларды қызығушылықпен орындап, алаңға ерекше ынтамен шықты. Сабақты өткізу үшін мектеп заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді: футбол доптары, жейделер және барлық қажетті инвентарь берілді.
Үштөбе тірек мектебінің директоры Сәуле Артықбаева бұл жобаның балалар үшін үлкен қуаныш сыйлағанын атап өтті.

«Оқушылар көптен бері осындай мүмкіндікті күтті, енді оларда мектеп ішінде футболмен тұрақты түрде айналысуға барлық жағдай бар. Біз инвентарь алдық, әдістемелік қолдау көрсетілді және балалардың алаңға үлкен құлшыныспен шыққанын көріп отырмыз. Бұл біз үшін үлкен көмек әрі мектеп оқушылары арасында спортты дамытуға тамаша мүмкіндік»
Сәуле Артықбаева, Үштөбе тірек мектебінің директоры
Сабақтың әдістемелік бөлімін жобаның инструктор-кураторы, UEFA C санатындағы жаттықтырушы Жәнібек Аллабергенов өткізді. Ол футболдың әр балаға қолжетімді болуы маңызды екенін атап өтті.

«Біз сабақтарды ұлдар мен қыздар тең дәрежеде ойнайтындай етіп құруды үйретеміз. Футболда бөліну жоқ — бұл барлығына арналған ойын. Әр бала осы ойында қуаныш пен сенімділікті таба алады. Біздің жобаның мәні дәл осында»
Жәнібек Аллабергенов, ALGA! жобасының инструктор-кураторы
Мектеп мұғалімдері қазірдің өзінде UEFA D лицензиясына ие, сондықтан алдағы уақытта футбол сабақтарын өздері жүргізетін болады. Сонымен қатар, Жәнібек Аллабергенов педагогтарды тек әдістемелік тұрғыдан қолдап қана қоймай, сабақтарға мерзімді түрде келіп, футбол алаңында да көмек көрсететін болады. Бұдан бөлек, мұғалімдерге арнайы оқу жоспарлары мен материалдар ұсынылады.

ALGA! жобасы Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) бастамасымен, Қарағанды облысы әкімдігінің, Білім басқармасының және Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жүзеге асуда. Жобаның бас демеушісі — Freedom Holding Corp.
Басқа жаңалықтар
Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

ALGA! мектеп футбол жобасының кезекті сабағы
Бірінші Теміртау классикалық лицейінде ALGA! мектеп футбол жобасы туралы пікірлер айтылды.

Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы мектепте ата-аналарға арналған футбол квизі өтті.
Іс-шара ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылып, бұқаралық футболды дамыту мен ата-аналарды аймақтық футбол қозғалысына тартуға бағытталды.

Игорь Шацкий оқушыға айналды!
№19 мектепте өзін-өзі басқару күні қалай өтті?
