Қарағандыда ALGA! жобасы аясында алғашқы футбол сабақтары басталды
Ұлдар мен қыздар кәсіби мамандармен бірге футболдың алғашқы қадамдарын үйренуде.

Қарағандыда мектеп оқушылары үшін футболдың алғашқы сабақтары өтті. Алғашқылардың қатарында Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушылары және облыстың өзге де мектептерінің балалары болды.
Сабақ барысында ұлдар мен қыздар футбол техникасының негізгі элементтерімен танысып, дұрыс қимылдауды, допты бақылауды және командада жұмыс істеуді үйренді. Бағдарлама әрбір баланың жынысына, дайындық деңгейіне немесе дене бітіміне қарамастан, спорттан ләззат алуына мүмкіндік беретіндей құрылған.
Оқушылар үшін ерекше сәттердің бірі – «Шахтёр» футбол клубының қақпашысы Игорь Шацкиймен кездесу болды. Ол бірнеше тәсіл көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

«ALGA! жобасы балаларға тек футболшы ғана емес, мықты тұлға болып өсуге мүмкіндік береді. Мұндай сабақтарда олар өмірге қажетті маңызды қағидаларды – тәртіпті, сыйластықты және командада ойнауды үйренеді. Балалардың футбол арқылы дұрыс өмірлік ұстанымды меңгеруіне көмектесіп жүргеніме қуаныштымын»
Игорь Шацкий, «Шахтёр» футбол клубының қақпашысы
Мұғалімдер де жобаның балалардың жан-жақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Балалармен өткізілетін бұл жаттығулар тек футбол сабағы емес. Біз оларды қиындықтарды еңсеруге, бірлесе әрекет етуге және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға баулимыз. Бұл жобаның мәні зор, өйткені ол балаларға жеңіліс – жолдың бір бөлігі екенін, ал табандылық әрқашан жеңіске жеткізетінін түсіндіреді»
Сәуле Айдарханова, Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Жобаның келесі жарқын кезеңі – Freedom ALGA! футбол фестивалі, ол 13 қыркүйекте Саран қаласында өтеді. Қонақтарды кәсіби бапкерлер мен ойыншылардың шеберлік сабақтары, белсенді ойындар, сайыстар және сыйлықтар күтеді.
ALGA! жобасы Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) тарапынан, Қарағанды облысы әкімдігінің, Білім басқармасының және Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның бас демеушісі – Freedom Holding Corp.
Басқа жаңалықтар
XXV қалалық «Жаңа буын» футбол турнирі өз мәресіне жетті
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жарысқа өңірдің 21 мектебінен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер командалары қатысты.

Қарағандыда оқушылар арасында алғашқы ALGA! футбол турнирі өтті
Жарыс Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған ALGA! жобасына қатысушы мектептердің 3–4 сынып оқушыларынан құралған 8 команда қатысты.

Қарағандыда жаңа арт-нысанның авторлары марапатталды
ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылған мурал эскиздерінің ашық байқауы өз мәресіне жетті.

Саранда шағын футболдан қысқы біріншілік мәресіне жетті
Саран қаласында 2025–2026 жылғы маусымдағы Қарағанды облысының шағын футболдан қысқы біріншілігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
