ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Ассоциациясы

Қарағандыда Арлан Туркеновты қолдауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Қала тұрғындары емге қаражат жинауға белсене атсалысты

Қарағандыда Арлан Туркеновты қолдауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткен қайырымдылық жәрмеңкесі спортшыларды, қоғамдық ұйымдарды, жанкүйерлерді және жанашыр қала тұрғындарын біріктірді. Жиналған барлық қаражат Арлан Туркеновтің еміне бағытталды.

IMG 0816.JPG

Жәрмеңкемен қатар Karaganda BJJ Open республикалық турнирі ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінен келген 2000-нан астам спортшы қатысты.

Жарыстар тартысты әрі әсерлі өтті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сегіз мықты спортшы арасында жеке Гран-при ұйымдастырылып, бұл белдесулер көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

IMG 0814.JPG

Игі бастамаға Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы да қолдау көрсетті. Жәрмеңкеде 15 футбол жейдесі, 5 термос және 3 футбол добы ұсынылды.

IMG 0815.JPG

«Арланды Израильде емдету үшін қаражат жинау мақсатында жәрмеңке ұйымдастыра бастағанда, қаншама адамның қолдау көрсететінін елестете алмадым. Ештеңе күтпей, жай ғана көмектесуге дайын жандардың көптігі мені шын жүректен толқытты. Көптеген ұйымдар, демеушілер мен жанашыр азаматтар өз күшін, қаражатын және жүрек жылуын қосты. Бұл – шын мәнінде ғажайып дүние. Дайындық барысында мен адамдардың қандай кең жүректі болатынын, әлемнің қаншалықты жарық екенін түсіндім. Жанымыздан табылған әр адамға алғыс айтамын»

Дильназ Туркенова, Арланның әпкесі

IMG 0813.JPG

Жәрмеңкедегі ерекше лоттардың қатарында Қарағанды «Шахтёр» ФК клубы ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейделер болды. Атап айтқанда, қарағандылық футбол аңызы Андрей Финонченко мен «Шахтёр» футбол клубының қақпашысы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Игорь Шацкий қол қойған жейделер қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып, жәрмеңке барысында сатылды.

IMG 0817.JPG

Жанкүйерлер үшін бұл тек естелік спорттық бұйым иелену мүмкіндігі ғана емес, ортақ іске жеке үлес қосу жолы болды. Аталған лоттардан түскен барлық қаражат Арланның еміне бағытталды.

Осындай бастамалар спорттың адамдарды біріктіріп қана қоймай, қиын сәтте шынайы қолдау күшіне айнала алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар