Қарағандыда Freedom Balalar Football League қысқы маусымын қорытындылады
Мыңдаған баланы біріктірген, бәсекелі ойындар мен ерекше эмоцияларға толы маусым ауқымды мерекемен аяқталды.

27 сәуір күні Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Freedom Balalar Football League қысқы маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара екі блоктан тұрды — кіші және үлкен топтар. Бұл әр жас санатына ерекше көңіл бөліп, олардың еңбегін лайықты бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы маусымда жеті жас категориясы қамтылды: ең кішісі — U-7, ең үлкені — U-16.

Алғаш болып сахна төріне ең кішкентай қатысушылар шфқтф.. Негізгі бөлім басталмас бұрын жас чемпиондардың алғашқы қадамына QOFA бас хатшысы Талғат Қаржаубаев пен Қазақстан Әуесқой футбол лигасының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Мейрам Серіков сәттілік тіледі.
Әрбір марапаттау рәсімінде бұл менің ең сүйікті сәттерім екенін айтып жүремін. Себебі дәл сіздерді – балаларды марапаттау ерекше қуаныш сыйлайды. Өйткені сіздер – біздің болашағымызсыздар. Көпшілігіңіз кәсіби футболшы боласыздар деп сенемін, бірақ ең бастысы – жақсы адам болып өсіңіздер. Мен әлем және Еуропа чемпионаттары сияқты көптеген ірі шараларда болдым. Дегенмен, бүгінгі ұйымдастыру деңгейі әлдеқайда жоғары екенін сеніммен айта аламын.
- Мейрам Серіков.

Осыдан кейін сахна төріне 10 жасқа дейінгі командалар көтеріліп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Дәстүр бойынша тек командалар ғана емес, жекелеген ойыншылар да назардан тыс қалмады: үздік қақпашы, қорғаушы, шабуылшы және маусымның ең үздік ойыншысы (MVP) анықталды.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі — буын сабақтастығын көру болды. Үздік қақпашыларды Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы, қарағандылық “Шахтёр” клубының аңызы Игорь Шацкий марапаттады. Оның жылы лебізі мен ақыл-кеңесі жас футболшылардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

Кіші блоктың финалы ауқымды лотереямен аяқталды. Оған іс-шараның барлық қонақтары мен көрермендер қатысты. Серіктестер ұсынған сыйлықтар қатарында “Биосфера”, “Qasym Kitap”, “Dodo Pizza” және “Хрустальная вода” брендтерінің жүлделері болды. Ал басты сыйлық— PlayStation 5 ойын консолі жеңімпазға ерекше қуаныш сыйлады.
Қысқа үзілістен кейін кезек үлкен топқа — U-16 ойыншыларына келді. Бұл бөлімде атмосфера тіпті толқынысқа толы болды. Себебі сахнаға шыққан жасөспірімдердің көбі кәсіби футболшы болуды мақсат етеді. Олардың кейбірі BFL-дің сапалы медиа жұмысының арқасында елдегі кәсіби академиялардан шақырту алып үлгерген.

Марапаттау рәсімі бұл бөлімде де жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға қарағандылық “Шахтёр” клубының ойыншылары — Артём Литош, Рифат Нұрмұғамбет, сондай-ақ клуб академиясының жетекшісі Сергей Якушин қатысып, жас спортшыларды құттықтады. Ал Максим Галкин “Үздік шабуылшы” жүлдесін табыстау мәртебесіне ие болды.
Freedom BFL тағы да өңірдегі жасөспірімдерге арналған басты футбол турнирі екенін дәлелдеді. Өткен маусымда лигаға 2000-нан астам бала қатысып, апталық “жаттығу – ойын – қалпына келу” жүйесі бойынша тәжірибе жинаған еді. Сонымен қатар турнир тек ойыншыларды ғана емес, жаттықтырушыларды да дамытуға ықпал етуде. Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы UEFA әдістемелерін енгізе отырып, бапкерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарын тұрақты түрде ұйымдастырады. Осындай жүйелі жұмыс, сапалы ұйымдастыру және кәсіби төрешілік BFL-ді шын мәнінде бірегей жобаға айналдырып отыр.

Лиганың келесі кезеңі — маусым айында басталатын жазғы маусым. Алда өңірдегі футбол сүйер қауымды жарқын матчтар, жаңа жеңістер мен ұмытылмас эмоциялар күтіп тұр.
Басқа жаңалықтар
Саранда жас футболшылар арасындағы «Достық – 2026» турнирі мәресіне жетті.
Саран қаласының «Сұңқар» стадионында Қарағанды, Саран және Теміртау қалаларынан келген алты команда өзара бақ сынасты.

Қарағандыда FREEDOM FUTSAL BFL AWARDS қорытынды марапаттау кеші өтті
Шара барысында маусым бойы жоғары нәтиже көрсеткен командалар, үздік ойыншылар мен арнайы номинация иегерлері марапатталды.

Қарағанды облысы кубогы 2026: «Дорожник» пенальти сериясында жеңіске жетіп, чемпион атанды
Биылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысып, Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларының ұжымдары өзара мықтыны анықтады.

О.В. Миляевты еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды
Саранда өткен республикалық турнирге 2013 жылы туған жасөспірімдерден құралған 12 команда қатысты.
